Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жас қорғаушылар кубогы

22.05.2025

2025 жылғы 23 мамыр күні М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Халықаралық балаларды қорғау күні аясында футбол, күрес, шахмат секілді спорт түрлерінен “Жас қорғаушылар кубогы” турнирлері өткізіліп, үздіктер анықталды. Мұндай спорт сайыстары жасөспірімдерді патриоттық тәрбиеге баулып қана қоймай, рухы мен жігері мықты, дені сау ұрпақ қалыптастыруға зор ықпал етеді.