Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі мәжілісі

15.02.2019

     2019 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі (бұдан әрі – ЖҒмМК) өткізілді. Күн тәртібіне бірнеше сұрақ қаралды.
     Бірінші сұрақ, 2018 жылы ЖҒмМК-мен атқарылған жұмыстар туралы болды. Талқыланып отырған сұрақ бойынша өз баяндамасын ЖІҚ кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Ж.Аюпов оқыды. Баяндама аяқталысымен қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, 2018 жылы ЖҒмМК-мен атқарылған жұмыстары жақсы деңгейде деп атап өтті.
     Екінші сұрақта, 2019 жылға ЖҒмМК жаңа құрамын таңдау мәселесі талқыланды. Аталған сұрақты қарау барысында қатысушылармен бірнеше кандидатуралар қаралып, талқылаудан кейін барлығы бір ауыздан кеңес төрағасы ретінде қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Б.Ш.Айметовтың кандидатурасына дауыс берді.
     Соңында полиция подполковнигі Ж.Аюпов барлық қатысушыларға, бірлескен жұмыстары үшін өз ризашылығын білдіріп, полиция подполковнигі Б.Айметовке шығармашылық табыстар тіледі.

ЖІҚ кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі                                           
Ж.Аюпов