Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жас ғалымдар кеңесі өтті

4.11.2022

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ ӨТТІ 2022 жылғы 03 қарашада Жас ғалымдар кеңесінің жоспарын орындау аясында ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік  жұмысын ұйымдастыру бөлімі және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының доценті, полиция майоры В.В.Хасанованың төрағалығымен ЖҒК-нің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Кеңес қызметінің одан әрі басым бағыттары айқындалды: – халықаралық ынтымақтастықты нығайту; – ғылыми зерттеулер, жарияланым мен баспагерліктің белсенділігін күшейту мен өзге де іс-шаралар жұмысының сапасын арттыру; – 2023 жылға арналған ғылыми іс-шараларды қарау. Сондай-ақ, ЖҒК мүшелері қызметтің негізгі нәтижелерін қарастыра отырып, қазіргі ғылым бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.