Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жанжалдардың алдын алу және орын алған жанжалдарды шешу әдістері

16.06.2025

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «Жанжалдардың алдын алу және орын алған жанжалдарды шешу әдістері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына тренинг өткізілді.
Аталған тренинг ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Іс-шара барысында қатысушылар жанжалдардың психологиялық табиғаты, олардың туындау себептері, жанжалды жағдайларды ерте анықтау, алдын алу және тиімді шешу тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білім алды.