Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жалпы құқықтық пәндер кафедрасы

2.06.2023

КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ

2016 жылы ұйымдастырушылық өзгерістер нәтижесінде «Азаматтық құқықтық пәндер» және «Мемлекеттік құқытық пәндер» кафедралары біріктіріліп, жалпы-құқықтық пәндер кафедрасы құрылды.

 2019 жылдың 11 қарашасында Институтта болған «Ұйымдық-штаттық өзгерістерге» сәйкес «Жалпы-құқықтық пәндер кафедрасы» «Жалпы заң пәндері кафедрасы» болып өзгертілді.

Кафедраның негізгі қызметі – жалпы заң пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыру, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, курсанттардың құқықтық мәдениетін арттыру мен тәрбие жұмыстарын қамтамасыз ету болып табылады.

Жалпы заң пәндері кафедрасының профессорлық- оқытушы құрамы Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауына түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырады.

Жалпы заң пәндері кафедра профессорлық оқытушы құрамы ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: «Ерлік ел есінде» имидждік идеологиялық іс-шаралардың жоспарын іске асыру жұмыстарын жүргізеді. Іс-шараға «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған полиция қызметкерлері Д.Н. Кемельтаев, Н.К. Салимгереев және Е.Е. Әділханов қатысып, курсанттармен ерлік пен қызметке адалдық туралы ой бөлісті. Кездесу жас буынды отансүйгіштікке және борышқа берік болуға үндейді.

 Іс-шара барысында ІІО үлгілі қызметкеткерлері өздерінің қызмет барысындағы ерліктерімен  бөлісіп, жас курсанттарға мотивациялық кеңестер мен өмірлік маңызды бағыт-бағдар берді.

Ерлік пен кәсіби борыштың үлгісі болған бұл шара- жас курсанттар үшін патриоттық тәрбиенің жарқын үлгісіне айналды.

Кездесу барысында курсанттарға ерлік пен адал қызмет жайында мәліметтер ұсынылып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметі туралы бейнематериал көрсетілді. Сонымен қатар, кері байланыс орнатылып, курсанттар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды.

Кафедраның функциялары:

Жалпы заң пәндері кафедрасы ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізетін негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Кафедра өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпы білім беру стандартын, жоғары оқу орындарының білім беру қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің нормативтік құқықтық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, институттың Жарғысы мен регламентін, Ғылыми Кеңестің, жедел кеңестердің шешімдерін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің, Институт бастығының бұйрықтары мен нұсқауларын сондай-ақ, кафедра ережесін басшылыққа алады.

Кафедраның басты міндеті-білім алушылардың кәсіби білімдерін үздіксіз толықтыру, құқық қорғау органдарының практикалық қызметінде табысты іске асыру үшін жаңа дағдыларды игеру мен қалыптастыру.

Жалпы заң пәндері кафедрасы – ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыратын негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Кафедра ұжымы білім беру сапасын арттыру және оқу үдерісін жетілдіру мақсатында монография, бірқатар оқу құралдарын әзірлеп, оқу процесіне енгізілді
.

Қазіргі мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптасытру

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқытық тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында  жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушыларының Ақтөбе қаласының №51мектеп-гимназиясы және М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізіліп тұрады.

Кездесудегі басты мақсат: балалар тарапынан жасалған қылмыстың алдын алу және заманауи әлемдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Мектеп оқушыларыныңқұқықытық сауаттылық деңгейін арттыру әлеуметтік белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді және олардың қоғамда өз орнын алуға көмектеседі.

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Құқықтану» кафедрасының профессор – оқытушылар құрамымен бірлесіп «Қазіргі қоғам мен мемлекеттің даму стратегиясындағы конституциялық реформалар» тақырыбында оффлайн форматта дөңгелек үстел өткізді.

Жалпы заң пәндері кафедрасы білім беру саласында өзара ықпалдасу мақсатында, Қазақстандағы жетекші оқу орындарының бірегейі –

Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық Университетінде жұмыс істейтін Қазақстанға белгілі заңгер ғалымдарды оқу процесіне қатыстыра отырып Институттың білім алушыларына қонақ дәрістері өткізіліп тұрады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

профессоры

заң ғылымдарының докторы,

профессор Ибраева Алуа

Саламатовнаның қонақ дәрісі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

профессоры

заң ғылымдарының докторы,

профессор Калишева Нажия             Хусайновнаның қонақ дәрісі

Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру – заманауи қоғамның басты талабы

Кафедра профессорлық құрамы жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып отырады.

Мұндай міндетті жүзеге асыру үшін қоғамда жаңаша ойлау, жаңа тәсілдер мен тиімді тетіктер қажет. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру – әділетті, жауапкершілігі жоғары, азаматтық позициясы айқын тұлғаны қалыптастырудың басты жолы.

Кафедра бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі Ибраева Айгул Қасымбековна – оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарының тұрақты, жүйелі жүргізілуін көрсетеді. Ғылыми – педагогикалық магистратураның 1курс магистранты полиция аға лейтенанты Ж.Тілеу және 2 курс магистранты полиция аға лейтенанты Ж.Копбайға ғылыми жетекшілік етеді. Сонымен қатар, магистранттарға ғылыми, тәрбие жұмыстары, әдістемелік қолдау және кәсіби іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Курсанттармен жүргізілетін  «Заңгер» ғылыми- зерттеу үйірмесі

Жалпы заң пәндері кафедрасы «Заңгер» ғылыми үйірме аясында

«Конституция -жастардың құқықтық мәдениетін, мемлекет және қоғам бірлігін дамытудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Заңгер» ғылыми үйірмесі аясында курсанттар құқықтық мәдениет пен заңдылық мәселелеріне арналған баяндамалар мен мақалалар дайындап, ұсынады. Баяндамалардан кейін ашық пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салады. Сондай-ақ, қазіргі Қазақстан қоғамындағы заңдылық пен құқықтық мәдениеттің маңызы туралы өз көзқарастарын білдіреді.

«Заңгер» ғылыми үйірмесі аясында курсанттар еліміздің негізгі заңы – Конституцияның қалыптасу кезеңдері, ондағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері, мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны туралы мазмұнды баяндамалар жасап, өз ойларын ортаға салады.

Жалпы заң пәндері кафедрасы «Заңгер» ғылыми үйірмесінің аясында,    «С. Торайғыров – патриоттық пен адамгершіліктің үлгісі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

С. Торайғровтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру арқылы курсанттарды патриоттық рухқа, адамгершілікке, құқыққа адал болуға тәрбиелеу; әдеби шығармалар арқылы азаматтық сананы дамыту.

Кафедра қызметкерлері оқу процесінен тыс спорттық, қоғамдық және мәдени іс-шараларға белсенді қатысады, бұл олардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына үлес қосады.

Жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы, полиция подполковнигі С.А. Мендыбаева Институт қабырғасында ұйымдастырылған «Отбасы» спорттық сайысына белсене қатысып, жоғары дайындық пен спорттық шеберліктің үлгісін көрсетті. Өзінің табандылығы мен бірлігі жарасқан отбасының арқасында ол жүлделі орын иеленіп, кафедра мен институт абыройын асқақтатты.

Кафедраның құқықтары мен міндеттері

Міндеті: жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша кафедраның пәндері, модульдері мен тақырыптары бойынша оқу жұмыстарын жүзеге асыру.

Кафедра өз құзыреті шегінде құқылы:

1) Институттың алқалы органдарына сайлануға, олардың жұмысына қатысуға;

2) Институт қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға және шешуге қатысуға;

3) ғылыми пікірталастарға, конференцияларға, дөңгелек үстелдер жұмысына және өзге де іс-шараларға қатысуға;

4) белгіленген тәртіппен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарды жариялауға;

5) ғылыми-теориялық деңгейін арттыруға;

6) кафедраға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;

7) кафедра құзыреті шеңберінде шешім қабылдауға.

Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы білім туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кафедраның ағымдағы жұмыс жоспарын әзірлеу және орындауға;

2) кафедраға жүктелген міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға;

3) білім алушылардың кәсіптік, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесін жүзеге асыруға, олардың Институттың ішкі тәртібі мен қызметтік-әскери тәртіп қағидаларын қатаң сақтауын қамтамасыз етуге;

4) білім беру процесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге;

5) білім алушылардың даярлық бағыты бойынша кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;

6) ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге, зерттеу нәтижелерін оқу процесінде қолдануға, ішкі істер органдарының практикалық қызметіне енгізуге жәрдемдесуге;

7) ғылыми-теориялық деңгейін арттыруға, Білім және ғылым ұйымдарында біліктілігін арттырудан, ішкі істер органдарының бөлімшелерінде тағылымдамадан өтуге;

8) оқу пәндерін кешенді оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге қатысуға;

9) оқу, әдістемелік және ғылыми жұмыста озық отандық және шетелдік тәжірибені зерделеуге, қорытуға және пайдалануға;

10) кафедра қызметінің барлық бағыттарын жетілдіру мәселелері бойынша Институт басшылығының қарауына ұсыныстар енгізуге міндетті.

11) құпиялылық режимінің талаптарын сақтауға;

12) заңнамада көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.

Кафедраның перспективалары

Кафедраның келешегінде басты міндет жоғары құқықтық мәдениетті, кәсіби құзыреттілікті, азаматтық жетілуді және жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет мүдделерін қорғауға дайындықты үйлестіретін жоғары білікті қызметкерлерді даярлау болып қала береді.

Байланыс

Тел: (7132) 988037 (134)

E-mail: aigul.ibraeva@mvd.gov.kz