Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жалпы заң пәндері кафедрасы.

2.06.2023

Жалпы заң пәндері кафедрасы өз қызметін 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап, штаттық өзгерістер жүзеге асырылған сәттен бастап жұмысын атқарады. Жалпы заң пәндері кафедрасы (ЖЗП) ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізетін негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедра өз қызметінде ҚР БҒМ және ҚР ІІМ бұйрықтарын, нұсқаулықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының штаты 7 адамды құрайды:

  1. Кафедра бастығы заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Ибраева Айгуль Касымбековна
  2. Кафедраның доценті – полиция подполковнигі Кумакбаева Марина Султановна
  3. Кафедраның аға оқытушысы – полиция подполковнигі Маханова Асель Сансыбаевна
  4. Кафедраның аға оқытушысы – полиция подполковнигі Абилова Айнур Салимжановна
  5. Кафедра аға оқытушысы – полиция подполковнигі Джигитова Раушан Нурболатовна
  6. Кафедра оқытушысы – полиция майоры Уайсова Гульнар Жұмасейтқызы
  7. Кафедра оқытушысы – полиция капитаны Симанова Гульдана Тагыбергеновна

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы кадрларды кәсіби даярлық, біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультеттерінде келесі пәндер бойынша сабақтар өткізеді: «Адам құқығы, «Заң дайындығы», «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы», «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы», «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу», «ІІО табиғатты қорғау қызметі»,  «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы», «ІІО қалыптасу және даму тарихы».

Кафедра оқытушыларының көпшілігі ІІО аумақтық бөлімшелерінде үлкен тәжірибеге ие қызметкерлер.

Кафедра жұмысы 6В12301 “Құқық қорғау қызметі” мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі бар, терең теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу идеясының сенімін белсенді өмірлік ұстанымымен ұштастыратын мамандар даярлауға бағытталған.

Жалпы заң пәндері кафедрасының басты міндеті оқу, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстардың барлық түрлерін жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Кафедрада №4 пәндік – әдістемелік комиссия жұмыс істейді, оның құрамына кафедраның барлық профессорлық-оқытушылық құрамы енгізілген.

Оқытудың практикалық бағытын арттыру мақсатында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы: нотариустарды, адвокаттарды, әділет қызметкерлерін, сот органының және т.б.тәжірибелік қызметкерлерін оқу процесіне тарту жүргізеді. Сондай-ақ, кафедра оқытушылары республикалық сайыстарға, Қазақстан Республикасы ІІМ ЖОО, Ақтөбе қаласында және  институт көлемінде өтетін ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдерге белсене қатысады.

2019 жылғы 8 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы заң пәндері кафедрасы  «Жылдың үздік кафедрасы» сайысының жеңімпазы атанды.

Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауына түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырады.

Ақтөбе заң институтымен қала мектептерінің базасында ашылған кадет сыныптарында кафедра қызметкерлері «Жас сақшы» кадет класының оқушыларына «Құқықтық даярлық» пәні бойынша сабақтар өткізеді.

Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарының ұқсас кафедраларымен өзара байланысты кеңейту және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кафедрада полиция подполковнигі капитаны Г.Т.Симанованың жетекшілігімен  «Заңгер» ғылыми үйірмесі жұмыс істейді, оның мүшелері болып кәсіби білім беру факультетінің үздік курсанттары танылады. Ғылыми үйірменің отырыстарында дайындалған баяндамалар мен рефераттар тыңдалады.Баяндама тақырыптары кафедраның мамандануын ескере отырып таңдалады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өзінің кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін арттыру үшін үнемі жұмыс істейді, сондай-ақ институтта өткізілетін қоғамдық іс-шаралар мен спорттық жарыстарға белсенді қатысады.

Жалпы заң пәндері кафедрасы өз қызметін 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап, штаттық өзгерістер жүзеге асырылған сәттен бастап жұмысын атқарады. Жалпы заң пәндері кафедрасы (ЖЗП) ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізетін негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедра өз қызметінде ҚР БҒМ және ҚР ІІМ бұйрықтарын, нұсқаулықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады.

Кафедра бастығы заң ғылымдарының кандидаты,

полиция полковнигі
Ибраева Айгуль Касымбековна

Кафедраның доценті – полиция подполковнигі
Кумакбаева Марина Султановна

Кафедраның аға оқытушысы – полиция подполковнигі
Маханова Асель Сансыбаевна

Кафедраның аға оқытушысы – полиция подполковнигі
Абилова Айнур Салимжановна

Кафедра аға оқытушысы – полиция майоры
Джигитова Раушан Нурболатовна

 

Кафедра оқытушысы – полиция капитаны
Симанова Гульдана Тагыбергеновна

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы кадрларды кәсіби даярлық, біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультеттерінде келесі пәндер бойынша сабақтар өткізеді: «Адам құқығы, «Заң дайындығы», «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы», «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы», «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу», «ІІО табиғатты қорғау қызметі»,  «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы», «ІІО қалыптасу және даму тарихы».

Кафедра оқытушыларының көпшілігі ІІО аумақтық бөлімшелерінде үлкен тәжірибеге ие қызметкерлер.

Кафедра жұмысы 6В12301 “Құқық қорғау қызметі” мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі бар, терең теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу идеясының сенімін белсенді өмірлік ұстанымымен ұштастыратын мамандар даярлауға бағытталған.

Жалпы заң пәндері кафедрасының басты міндеті оқу, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстардың барлық түрлерін жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Кафедрада №4 пәндік – әдістемелік комиссия жұмыс істейді, оның құрамына кафедраның барлық профессорлық-оқытушылық құрамы енгізілген. Оқытудың практикалық бағытын арттыру мақсатында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы: нотариустарды, адвокаттарды, әділет қызметкерлерін, сот органының және т.б.тәжірибелік қызметкерлерін оқу процесіне тарту жүргізеді. Сондай-ақ, кафедра оқытушылары республикалық сайыстарға, Қазақстан Республикасы ІІМ ЖОО, Ақтөбе қаласында және  институт көлемінде өтетін ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдерге белсене қатысады.

24.02.2024 ж.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» тақырыбындағы семинар

Ағымдағы жылдың 22-23 ақпанында ЖЗП кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.С. Абилова Астана қаласы М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті базасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша республикалық семинарға қатысты.

Семинардың мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді жаңарту, халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту тәсілдерін жетілдіру және практикалық тәжірибе алмасу.

Іс-шараға ішкі істер және қорғаныс, төтенше жағдайлар министрліктерінің, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының оқу орындарының өкілдері, сонымен қатар ҚР жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пәндері оқытушылары қатысты.

23.02.2024 ж.

ІІО қызметкерлерінің құқықтық тәрбиесі, құқықтық мәдениеті мәселелеріне арналған қонақ дәрісі

Оқу процесіне жетекші ғалымдарды тарту – оқу процесінің тиімділігін арттыруда үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Осыған орай 2024 жылғы 23 ақпанда жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.К.Ибраева ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының біліктілікті арттыру және мамандарды қайта даярлау факультетінде білім алып жүрген патрульдік полиция қызметкерлері үшін қонақ дәрісін ұйымдастырды.

Қонақ дәрісін – Қазақстанға белгілі заңгер ғалым, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева Алуа Саламатовна «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің конституциялық құқықтық санасын қалыптастырудың, құқықтық мәдениетін жетілдірудің құқықтық негізі және қағидалары» тақырыбында заң дайындығы модулі бойынша өткізді.

Дәрісті өткізудің мақсаты – құқықтық тәрбие деңгейі туралы толық ақпарат беру, жаңа Қазақстан құру жағдайында құқықтық мәдениетті зерделеу және құқықтық тәрбие арқылы өскелең ұрпақтың адами құндылықтары мен мәдениетін жетілдірудің маңыздылығы, https://www.kaznu.kz/ru  жас мамандарды құқықтық тәртіп талаптарын түсінуге және тануға баулу.

Дәріскер полицияда жүргізіліп жатқан құқықтық реформа шеңберінде Конституциялық құқықтық сананы қалыптастырудың, ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық тәрбиесі мен құқықтық мәдениетін жетілдірудің ерекше рөлін егжей-тегжейлі түсіндірді. https://www.kaznu.kz

Тыңдаушылар дәріскерге тақырып аясында қызықтырған сұрақтарын қойып, Алуа Саламатовнаға ерекше алғыстарын білдірді.

17.02.2024 ж.

«КАФЕДРА КҮНІ» ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

Білім берудің ең өзекті мәселесі – жас мамандарға патриоттық тәрбие беру, елін сүйетін патриот тұлғаны қалыптастыру, құнды қасиеттерге ие болу. Осы орайда 2023 жылғы 16 ақпанда жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен тыңдаушылардың санасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру  және тәрбиелеу мақсатында «Жалпы заң пәндері кафедрасының күні» «Ер есімі ел есінде» тақырыбында аталып өтілді. Іс-шараға кафедра бастығы мен профессор-оқытушылар құрамы қатысып, кафедра құрылған кезден бастап, бүгінге дейінгі уақытқа бейне шолу жасалып, кафедраның тыныс-тіршілігі туралы айтылды.

Шараны өткізудегі мақсат: Кеңес одағының батыры, өз отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар Малкеждар Бөкенбаевтың ерлігін үлгі ету, жастардың рухын көтеру.

Тыңдаушыларға Малкеждар Бөкенбаевтың өмір жолын, соғыстағы ерліктерін, сондай-ақ соғыстан кейінгі ішкі істер органдарындағы қызметі туралы айтылып, видеоролик көрсетілді. Шара соңында тыңдаушылар патриоттық және ұлттық әуендерді тамаша орындап, ерекше көңіл күймен тарқасты.

2019 жылғы 8 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы заң пәндері кафедрасы  «Жылдың үздік кафедрасы» сайысының жеңімпазы атанды.

Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауына түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырады.

Ақтөбе заң институтымен қала мектептерінің базасында ашылған кадет сыныптарында кафедра қызметкерлері «Жас сақшы» кадет класының оқушыларына «Құқықтық даярлық» пәні бойынша сабақтар өткізеді.

Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарының ұқсас кафедраларымен өзара байланысты кеңейту және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кафедрада полиция подполковнигі капитаны Г.Т.Симанованың жетекшілігімен  «Заңгер» ғылыми үйірмесі жұмыс істейді, оның мүшелері болып кәсіби білім беру факультетінің үздік курсанттары танылады. Ғылыми үйірменің отырыстарында дайындалған баяндамалар мен рефераттар тыңдалады.Баяндама тақырыптары кафедраның мамандануын ескере отырып таңдалады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өзінің кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін арттыру үшін үнемі жұмыс істейді, сондай-ақ институтта өткізілетін қоғамдық іс-шаралар мен спорттық жарыстарға белсенді қатысады.

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2023 жылғы 18-қазанда жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушыларының Ақтөбе қаласының №51 мектеп-гимназиясы және М. Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді.

2023 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің “Құқықтану” кафедрасының профессор-лқытушылар құрамымен бірлесіп “Қазіргі қоғам мен мемлекеттің даму стратегиясындағы конституциялық реформалар” тақырыбында оффлайн форматта дөңгелек үстел өткізді.

Жалпы заң пәндері кафедрасы білім беру саласындағы өзара ықпалдасу мақсатында, Қазақстандағы жетекші оқу орындарының бірегейі- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінде жұмыс істейтін Қазақстанға белгілі заңгер ғалымдарды оқу процесіне қатыстыра отырып Институттың білім алушыларына қонақ дәріс өткізіліп тұрады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры
заң ғылымдарының докторы,
профессор Ибраева Алуа
Саламатовнаның қонақ дәрісі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
профессоры
заң ғылымдарының докторы,
профессор Калишева Нажия
           Хусайновнаныңқонақ дәрісі
Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ заң ғылымдарының кандидаты
БактияровнаАкмарал Сманованың қонақ дәрісі

Кафедраның ұжымы алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына 2023 жылы 26 сәуірде “Конституциялық реформа-жаңашылдық пен әділдіктің бастауы” тақырыбындағы кездесу өткізді.

2023 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушылары полтиция подполковнигі А.С.Маханова және полиция подполковнигі Р.Н.Джигитова Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің студенттеріне “ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі рөлі”, “Конституциялық реформа көзделген институционалдық өзгерістердің маңыздылығы” тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

Дәрістердің мақсаты – студенттердің Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды терең, толық түсінуін қалыптастыру үшін оларға саясатта дұрыс бағытты ұстануды және мемлекеттік – құқықтық салада, мемлекеттік мәселелерде және конституциялық-құқықтық саясатпен тәжірибиеде дұрыс шешімдер қабылдауды үйрету.

Кафедраның ұжымы алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына 2023ж 26 сәуірде «Конституциялық реформа-жаңашылдық пен әділдіктің бастауы » тақырыбындағы кездесу өткізді.

«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық Құрылтайдың (2023 жылғы 17 маусымдағы) отырысында айтылған ұсыныстарды қарау Жоспарына сәйкес жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жұмыстар жалғасуда.

2023 жылғы 2 қарашада Жалпы заң пәндері кафедрасы және Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті “Құқық” кафедрасымен бірлесіп “Жаңа Қазақстан құру жағдайында жастардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы және оны жетілдіру жолдары” тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараны ұйымдастырудағы түпкі мақсат- жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын, орнату және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, сонымен қатар өздерінің біліміне және болашағына деген жауапкершілікті ынталандыруға насихаттау.

Ақтөбе заң институтымен қала мектептерінің базасында ашылған кадет сыныптарындакафедра қызметкерлері «Жас сақшы» кадет класының оқушыларына «Құқықтық даярлық» пәні бойынша сабақтар өткізеді.

Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарының ұқсас кафедраларымен өзара байланысты кеңейту және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кафедраның құқықтары мен міндеттері

Міндеті: жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша кафедраның пәндері, модульдері мен тақырыптары бойынша оқу жұмыстарын жүзеге асыру.

Кафедра өз құзыреті шегінде құқылы:

1) Институттың алқалы органдарына сайлануға, олардың жұмысына қатысуға;

2) Институт қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға және шешуге қатысуға;

3) ғылыми пікірталастарға, конференцияларға, дөңгелек үстелдер жұмысына және өзге де іс-шараларға қатысуға;

4) белгіленген тәртіппен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарды жариялауға;

5) ғылыми-теориялық деңгейін арттыруға;

6) кафедраға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;

7) кафедра құзыреті шеңберінде шешім қабылдауға.

Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы білім туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кафедраның ағымдағы жұмыс жоспарын әзірлеу және орындауға;

2) кафедраға жүктелген міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға;

3) білім алушылардың кәсіптік, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесін жүзеге асыруға, олардың Институттың ішкі тәртібі мен қызметтік-әскери тәртіп қағидаларын қатаң сақтауын қамтамасыз етуге;

4) білім беру процесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге;

5) білім алушылардың даярлық бағыты бойынша кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;

6) ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге, зерттеу нәтижелерін оқу процесінде қолдануға, ішкі істер органдарының практикалық қызметіне енгізуге жәрдемдесуге;

7) ғылыми-теориялық деңгейін арттыруға, Білім және ғылым ұйымдарында біліктілігін арттырудан, ішкі істер органдарының бөлімшелерінде тағылымдамадан өтуге;

8) оқу пәндерін кешенді оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге қатысуға;

9) оқу, әдістемелік және ғылыми жұмыста озық отандық және шетелдік тәжірибені зерделеуге, қорытуға және пайдалануға;

10) кафедра қызметінің барлық бағыттарын жетілдіру мәселелері бойынша Институт басшылығының қарауына ұсыныстар енгізуге міндетті.

11) құпиялылық режимінің талаптарын сақтауға;

12) заңнамада көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.

Жетістіктері:

Жалпы заң пәндері кафедрасында 1 ғылым кандидаты, 1 философия докторы (PhD) және 4  құқық магистрі жұмыс жасайды. Кафедра жыл сайын халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми жарыстарға, конференцияларға қатысады, басқа университеттермен бірлесе отырып дөңгелек үстелдер өткізеді. Кафедра бастығы А.К.Ибраеваның 2023 жылы «Адам құқығының басымдығы-құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасы ретінде» тақырыбындағы монографиясы  жарық көрді. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары Р.Н.Джигитова, А.С.Абилова, Г.Т.Симанова дайындаған «Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығы» атты оқу құралы 2023 жылдың  қыркүйек айында институттың Ғылыми кеңесімен бекітіліп, баспаға жолданды. Кафедра қызметкерлерімен 20-дан астам ғылыми мақалалар, оның ішінде 10-нан астам ғылыми мақала Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған басылымдарда жарияланған. Қазіргі таңда кафедраның 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен оқу құралдары дайындалуда.

Кафедраның перспективалары

Кафедраның келешегінде басты міндет жоғары құқықтық мәдениетті, кәсіби құзыреттілікті, азаматтық жетілуді және жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет мүдделерін қорғауға дайындықты үйлестіретін жоғары білікті қызметкерлерді даярлау болып қала береді.

Байланыс

Тел: (7132) 988037 (134)

E-mail: aigu.ibraeva@mvd.gov.kz