23.05.2019
2019 жылғы 22 мамырда қалалық Мәдениет үйінде бүкіл облыстан 12 команданың және Батыс Қазақстан, Атырау облыстарынан келген қонақтардың қатысуымен Жастар жылына және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «Жайдарман Ақтөбе» КТК ойыны өтті. Ойынның қорытындысы бойынша Ақтөбе заң институтының «Қорған» командасы 4,9 балмен ширек финалға жолдама алды. Курсанттардан құралған жанкүйерлер командаға қолдау көрсетіп отырды.
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ командасы институт сенімін ақтап, маусым қорытындысы бойынша жүлделі үштікке кіреді деп үміттенеміз.
ТЖБ инспекторы
полиция аға лейтенанты
Б.Елеусизов








