Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” жолдауын түсіндіру бойынша шара

10.09.2020

2020 жылдың 10 қыркүйегінде жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі М.С.Салауатов Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” жолдауын түсіндіру бойынша «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімі» РММ әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Президент жолдауы бойынша түсініктеме жүргізіліп, оның нақты бағдарлама мен шаралар кешені бар ерекше құжат екенін атап өтілді.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де өз ойларын ортаға салып, әртүрлі мәселелерді талқыға алды.

Ел президентінің жыл сайынғы Жолдауы республиканың кез- келген азаматы үшін маңызды және ондағы үндеулер еліміздің жарқын болашағының айқын кепілі.

Жалпы заң пәндері кафедрасының

аға оқытушысы                                        

полиция подполковнигі

М.С.Салауатов