15.05.2019
2019 жылғы 14 мамыр күні Әйелдер кеңесінің қоғамдық бірлестігі қасиетті Рамазан айына орай “Жақыныңа көмектес” атты қайырымдылық акциясын өткізді, оған ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әйелдер кеңесінің мүшелері және қылмыстық іс жүргізу криминалистика кафедрасы қызметкерлері қатысты.
Осы акция барысында тыл еңбеккері болып табылатын 1935 жылы туған Ленинград қаласының тумасы, Валентина Михайловна Галиевада қонақта болды. Оған азық-түлік және тұрмыста қажетті шаруашылық тауарлар түрінде көмек көрсетілді.
Валентина Михайловнаның айтуынша, ол біздің сапарымызға өте қуанышты болды, институт қызметкерлеріне алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Оның алғыс сөздері мен жылы тілектері, көзіндегі қуаныш жасы бізді бей-жай қалдырмады.
Қайырымдылық акцияның мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған, мұқтаж зейнеткерлерге және мүгедектерге көмек көрсету болып табылады. Осындай іс-шараларды Ақтөбе заң институтының қызметкерлері үнемі жыл сайын өткізеді.
Институттың әйелдер кеңесі








