15.06.2019
Ақтөбе қаласының Арнайы жасағы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттармен бірлесе отырып, тәжірибелік сабақтар өткізді.
Кездесу 2019 жылғы 14 маусымда курсанттармен практикалық–бағытталған сабақ аясында әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Іс-шара барысында арнайы бөлімшелердің қызметкерлері заманауи арнайы техникалық құралдардың көмегімен белсенді қорғануы көрсетілді. Берік қалқандар тек орта ғасырларда ғана қолданылмаған, олар заманауи жаңғыртылған поликарбонаттан жасалған қалқан оқты да тоқтата алады. Бұл топтасқан қылмыскерлермен күресуде тәртіп сақшыларына маңызды. Болашақ офицерлер тек қана қарап қана қоймай, ішкі істер органдарының қару-жарағында тұрған арнайы құралдардың сенімділігін байқай алды. Жаңа форматтағы тәртіп сақшылары ең озық технологияларды қолдана білуі керек. Бұның барлығы жалғыз мақсатты көздейді: қауіп алдында тоқтамай, өзінің борышын өте тез, әрі тиімді орындау.








