Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Заңгер» ғылыми үйірмесінің дөңгелек үстелі

11.12.2020

10.12.2020ж. Жалпы құқықтық пәндер кафедрасы «Заңгер» ғылыми үйірмесі аясында және 2020-2021 жылдарға арналған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ХалықаралықАдам құқықтары күніне арналған «Адам құқығы және сен» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ, ғылыми үйірме мүшелері, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының үшінші курс курсанттары қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы кафедра аға оқытушысы, полиция подполковнигі М.С.Салауатов болды, ол курсанттарға адам құқықтары күні БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша 1950 жылдан бастап жылсайын 10 желтоқсанда атап өтілетінін түсіндірді, сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында үйірме мүшелерінің баяндамалары тыңдалды.

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі                                                  

М.С.Салауатов