Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту

7.06.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері мен курсанттары Ақтөбе қаласының қоғамдық орындарында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы буклеттер таратты.

Бұл шара Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдағы заңға бағынушылықты қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Акция барысында институттың қызметкерлері мен курсанттары қала тұрғындарымен тікелей байланыс орнатып, оларға құқықтық тәртіпті сақтаудың, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің маңыздылығы туралы түсіндірді.

Таратылған буклеттерде қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, құқық бұзушылықтың салдары және заңға бағынудың жеке және қоғамдық қауіпсіздік үшін мәні туралы нақты ақпарат берілген. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарына жауап беріліп, қажетті кеңестер берілді.