20.10.2025



Бүгін М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында фотокөрме өткізілді.
Көрменің басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметін халыққа жақын көрсету, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы еңбегін насихаттау.
Әрбір сурет – полиция қызметінің қиын да құрметті еңбегін айқындайтын өмірлік көрініс.







