Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚОҒАМОВ МАРАТ ШЕКІШҰЛЫМЕН КЕЗДЕСУ

28.11.2017

2017 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, қылмыстық-процессуалдық зерттеулер мен жемқорлыққа қарсы ҒЗИ және ҚазМЗУ  ғылыми сараптама мен талдау институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Қоғамов Марат Шекішұлы Қазақстан Республикасы ІІм М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына келді.

Институт бастығы С.И. Қаракүшевтің бастауымен М.Ш. Қоғамов пен Ақтөбе облысы ІІД бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.М.Хайрулин  институт мұражайына барып, институттың жеке құрамына өздерінің ізгі тілектерін тілектер кітабына жазып қалдырды. Әрі  қарай кездесу институттың акт залында жалғасты. Кездесу барысында қылмыстық-процестік заңнамасындағы өзгерістер талқыланды. Қызықты сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Кездесу соңында институт бастығы құрметті қонаққа естелік кітапты сыйға тартып, естелік фотоға түсті.