Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына арналған әдеби кеш

22.02.2019

     2019 жылғы  22 ақпанда Елбасы атап өткен «Жастар жылы» аясында  және институттың мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталып ұйымдастырылатын «Болашаққа қазақ тілімен»  іс-шаралар акциясы жоспарына сәйкес, 1 Б курсы мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесімен бірлесе отырып, ағартушы-педагог, ақын-жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы – Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына арналған  «Қалдырған сөзім – аманат» атты әдеби кеш өткізді.
     Аталған шараның мақсаты – Ы.Алтынсарин шығармашылығын насихаттау арқылы  жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу.
     Іс-шараны алғысөзімен күндізгі оқу факультеті бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі А.Салимов ашты. Кешке қатысқан  курсанттар ақынның оқу-білімге шақырған өлеңдерін оқып, «Әке мен бала» әңгімесіне негізделген көрініс көрсетті. Тұңғыш педагогтың өмір жолы мен атқарған еңбектері туралы бейнероликтер көрсетілді.
     Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған әдеби кештің жастар үшін  берер тәрбиесі мол болды.

1 Б курс бастығының уақытша
міндетін атқарушы
полиция капитаны
Н.Нұрманбетов