Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Взвод командирлерімен жиын өтті

15.11.2022

Бүгін 15 қараша  күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е. К. Балымов, кәсіби даярлық факультетінің бастығы полиция полковнигі А. Ж. Сейтеновтың қатысуымен алғашқы даярлық курсы тыңдаушыларының взвод командирлерімен оқу процесіндегі кезек күттірмейтін мәселелерді талқылау мақсатында жиын өтті. Жиын барысында институт бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Балымов ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі М.Ахметжановтың полиция қызметкерлеріне қойған талаптарын жеткізе отырып, оқу процесі мен емтихан барысында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермей тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауды тілге тиек етті. Сондай-ақ, болашақ полицейлерге алдағы емтихан сынақтарынан сүрінбей өтіп, оқу бағдарламасында алған білімдерін қызмет барысында тәжірибемен ұштастырып, абыройлы қызмет етулеріне тілектестік білдіріп, жаңа қазақстанның тұрақтылығын мемлекетіміз бен азаматтардың мүдделерін қорғау жолында әділдік пен жауаптылықты талап ететін құқық қорғау саласындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.