Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Волейболдан республикалық спартакиада

28.02.2020

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 85 жылдығына орай волейболдан ерлер арасында республикалық спартакиада өткізілді. Аталған спартакиадада 12 команда бақтарын сынап, Қостанай, Орал, Нұр-Сұлтан қалаларының волейболшылары белсенді ойын өрнегін көрсете білді. Осы жарысқа ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң курсанттары мен тыңдаушылары қатысты. Тартысты жарыстың нәтижесінде бірінші орынды Қостанай “Тұлпар” командасы, екінші орынды ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасы, үшінші орынды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ командасы иеленді.  Команданы жоғары деңгейде дайындағандығы үшін дене шынықтыру кафедрасы мен арнайы тактикалық кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Н.А.Таласбаев дипломмен марапатталды.