6.03.2020
Ағымдағы жылдың 02-06 наурыз аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 2020 жыл – Волонтер жылына орай ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының студенттері арасында спартакиада аясында волейболдан қалалық турнир ұйымдастырылды. Аталған турнирге Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Т.Бигелдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштерінің Әскери институты, Қазақ Орыс Халықаралық университеті командаларымен қатар, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты командасы қатысты.
Қалалық турнирдің қорытындысы бойынша, бірінші орынды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ командасы, екінші орынды ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасы, үшінші орынды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің командасы иеленді. Команданы жоғары деңгейде дайындағаны үшін дене шынықтыру кафедрасы мен арнайы тактикалық кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Н.А.Таласбаев дипломмен марапатталды.








