Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Волейбол жарысының қорытындысы

18.03.2019

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына және Жастар жылына орай 2019 жылдың 17 наурызында әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушыларымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары арасында волейболдан жарыс өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей болды:

1- орын – 1«Б» курс командасы

2 -орын – 2«А» курс командасы

3- орын – 1«А» курс командасы

Институт бастығы полиция полковнигі А.М.Сайтбеков және институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Ғ.Ж.Сулейманова 18 наурыз күні институттың жеке құрамының апталық сабы кезінде  жарыс жеңімпаздарына грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

Таласбаев Н.А.