21.06.2021
2021 жылғы 21 маусымда 2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларына жол жүру ережелерін сақтау қажеттігі туралы дәріс жүргізді. Дәріс мақсаты: тыңдаушылар арасында жол жүру ережелерін зерделей отырып, кәсіби қызметтері барысында жол жүру саласындағы заңнама талаптарын орындау тәртібін қалыптастыру.








