25.04.2018
2018 жылғы 24 сәуірде сағат 12:00-де Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекеттік-қатысушылардың базалық ұйымы ретінде Ресей ІІМ Нижегород академиясымен қызметтес болуда онлайн байланыс жүйесінде өткізілген салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрларды жоғары білім берудің білім беру бағдарламалары және қосымша бағдарламалар бойынша даярлау жөніндегі семинар-кеңеске қатысты.
Семинар-кеңесті Ресей ІІМ Нижегород академиясының бастығы полиция генерал-майоры Д.Н.Архипов алғы сөзбен ашты. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., полиция подполковнигі Г.Ж.Сулейманова «О вопросах совершенствования подготовки кадров для органов внутренних дел Республики Казахстан в современных условиях» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды және семинар жұмысына шақырғаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасында кадрларды даярлау тәжірибесін бөлісті. Сонымен қатар, Г.Ж. Сулейманова 2018 жылғы 06 сәуірде Минск қаласында өткізілген ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті мәжілісінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ТМД елдерінің салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау бойынша базалық ұйымдастыру мәртебесін алғандығы туралы шешім қабылдағандығын айтты.
Сонымен бірге, аталған семинар-кеңесте Ресей ІІМ Нижегород академиясының, Беларусь Республикасы ІІМ академиясының және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
ҒЗжРЬЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.К.Каримбаева