22.12.2022
Трофимов Андрей Николаевич басқаратын тылдық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік сатып алу тобынан, азық-түлікпен қамтамасыз ету тобынан, коммуналдық-пайдалану тобынан және гаражы бар техникалық бөлімнен тұрады.
Мемлекеттік сатып алу тобы тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алуға шарттар жасасады. Бұл бөлімде инспектор Д.Н.Канатпаева жұмыс жасайды.
Азық-түлікпен қамтамасыз ету тобы (асхана) азық-түлікті уақтылы сатып алуды және дайындауды ұйымдастырумен, курсанттарды күніне үш рет тамақпен қамтамасыз етумен айналысады. Асхана 420 орынға есептелген. Асханада наубайхана жұмыс істейді, ол күн сайын курсанттарды жаңа пісірілген тағамдармен қамтамасыз етеді.
Ас блогының ұжымы асхана меңгерушісі У.Ж. Қанатпаевадан, сондай-ақ аспазшылар Р.Б. Бегеева, Р.И. Минилкаева, А.А. Саймағанбетова, Б.А. Жолдаева, М.Ж. Мыктыгулова, наубайшылар С.Ш. Кауметова және Е.Е. Сирко, ас үй жұмысшылары Ж. Ержанов және М. Қожахметовадан тұрады сонымен қатар С. М. Жаманбаева және Р. Ш. Жұмабаева жұмыс істейтін азық-түлік қызметі тобы бар.
Коммуналдық-пайдалану тобы, бір қарағанда, көрінбейтін, бірақ кез келген мекеме үшін өмірлік маңызды функцияны орындайды. Олардың шебер басшылығымен мекеменің техникалық жай-күйінің жарамдылығы қамтамасыз етіледі, жылудың, электрэнергиясының дұрыс және үнемді жұмсалуына, электр жабдығының, кабельдік желілердің, су құбыры мен кәріздің техникалық жай-күйі мен ақаусыздығына бақылау жүзеге асырылады. Бұл жұмысты шаруашылық меңгерушісі Р.У.Наурзалина, сонымен қатар қазандық жұмысшылары А.Мухаматов, Е.Сарсенбаев, К.Кусаинов, Б.Алманиязов және лаборант Н.Крисько шебер басқарады.
Гаражы бар техникалық бөлік қызметтік автомобильдерден тұратын автопарк болып табылады. Оқу орнында жеңіл, жүк машиналары мен автобустар бар, олар курсанттар мен қызметкерлерді оқу орнынан тыс өткізілетін іс-шараларға қатысу үшін жеткізеді. Штат бастығы И. Кульниязов пен жүргізушілерден тұрады.







