Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тылдық қамтамасыз ету бөлімі

22.12.2022

Трофимов Андрей Николаевич басқаратын тылдық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік сатып алу тобынан, азық-түлікпен қамтамасыз ету тобынан, коммуналдық-пайдалану тобынан және гаражы бар техникалық бөлімнен тұрады.

Мемлекеттік сатып алу тобы тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алуға шарттар жасасады. Бұл бөлімде инспектор Г.К.Кушпанова жұмыс жасайды.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету тобы (асхана) азық-түлікті уақтылы сатып алуды және дайындауды ұйымдастырумен, курсанттарды күніне үш рет тамақпен қамтамасыз етумен айналысады. Асхана 420 орынға есептелген. Асханада наубайхана жұмыс істейді, ол күн сайын курсанттарды жаңа пісірілген тағамдармен қамтамасыз етеді.

Ас блогының ұжымы асхана меңгерушісі У. Ж. Қанатпаевадан, сондай-ақ аспазшылар Р. Бегеева, Р. И. Минилкаева, А. А. Саймағанбетова, Б. А. Жолдаева, Б. Аймағамбетов, наубайшылар Р. Ш. Жұмабаева және Е. Е. Сирко, ас үй жұмысшылары Ж. Ержанов және М. Қожахметовадан тұрады.

Коммуналдық-пайдалану тобы, бір қарағанда, көрінбейтін, бірақ кез келген мекеме үшін өмірлік маңызды функцияны орындайды. Олардың шебер басшылығымен мекеменің техникалық жай-күйінің жарамдылығы қамтамасыз етіледі, жылудың, электрэнергиясының дұрыс және үнемді жұмсалуына, электр жабдығының, кабельдік желілердің, су құбыры мен кәріздің техникалық жай-күйі мен ақаусыздығына бақылау жүзеге асырылады. Бұл жұмысты шаруашылық меңгерушісі М.Б.Нурасканова, сонымен қатар қазандық жұмысшылары А.Мухаматов, А.Демеуов,                 А. К.Кусаинов, М.С.Жалменов, А.Қоңырбаев, Б.Алманиязов, Ш.Бергариев және лаборант Н.Крисько шебер басқарады.

Гаражы бар техникалық бөлік қызметтік автомобильдерден тұратын автопарк болып табылады. Оқу орнында жеңіл, жүк машиналары мен автобустар бар, олар курсанттар мен қызметкерлерді оқу орнынан тыс өткізілетін іс-шараларға қатысу үшін жеткізеді. Штат бастығы И. Кульниязов пен жүргізушілерден тұрады.