30.03.2022
2022 жылғы 30 наурызда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының КОҚҰ кафедрасының аға оқытушылары полиция майоры Е.Т. Алдияров және полиция майоры Д.Р. Мырзабаева, Ақтөбе облысы ПД ЖПҚ қызметкерлерінің практикалық дағдыларын зерделеу және қолдану бойынша практикалық сабақтар өткізді.
Институт тыңдаушылары үшін Ақтөбе қаласы полиция бөлімі патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция майоры А.Т.Абдрешов ЖПҚ бөлімшесі жұмысының бейінді ерекшелігі, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қашықтықтан реттеу құралдары мен құрылғыларын, анықтау және бақылау жүйелерін, заманауи техниканы пайдалана білу бойынша экскурсия жүргізді.
А.Т.Абдрешов қызмет көрсетілетін аумақта қандай да бір жағдайлар туындаған кезде басқару шешімдерін оңтайландыру үшін полиция қызметкерлерінің кезекшілік тәртібі мен кестесін, олардың функционалдық міндеттерін бөлуді түсіндірді.












