21.08.2023
Оқытудың басында өткізілетін ұжымдық ұйымшылдық тренингтері топтық өзара іс-қимыл процесіне оң бастама беріп, қолайлы психологиялық климатты орнатудың, оңтайлы қарым-қатынасқа кедергі келтіретін эмоционалдық шиеленісті және коммуникативтік кедергілерді жоюдың тиімді құралы болып табылады. Ұйымдасқан топ білім алушылардың өзін-өзі ашуына және қарқынды түрде кәсіби және жеке дамуына мүмкіндік береді. Осы мақсатта институттың инспектор-психологы І. Танатарова күн сайын оқу топтарымен тренингтер өткізеді.


