28.09.2025



Қарттар күні мен Мұғалімдер күні мерекелерінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының офицерлері, курсанттары мен тыңдаушылары Институт ардагерлері мен Ақтөбе қаласындағы №41 және №65 орта мектептердің ұстаздарын құттықтады.Институт басшылығы мен жеке құрамы шақырылған ардагерлер мен мектеп мұғалімдеріне көпжылдық еңбектері, мамандыққа адалдығы, білім беру ісін дамыту мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі зор үлестері үшін шынайы ризашылықтарын және алғыстарын білдірді.
Іс-шара ұжымды бірлікке шақыруға, командалық рухты нығайтуға және өзара түсіністікті дамытуға бағытталған тимбилдингпен аяқталды.







