26.02.2024
АКДК тыңдаушыларының демалыс күнін тиімді өткізу мақсатында, 1 курс жеке құрамы мен институт психологі полиция аға лейтенанты І.Таңатарова бірлесіп тимбилдинг ұйымдастырды. Аталған шараның мақсаты – біртұтас команда моделін қалыптастыру, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды құру.
Өткен корпоративтік шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымның бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізіп, керемет эмоциялар сыйлады.










