Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Тілім – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» сайыс сабағы

23.02.2024

Мемлекеттік тілді өмірдің барлық саласында қолданып, қолданыс аясын кеңейту жолында қызмет ету және өз үлесін қосу әрбір қазақстандықтың алдында тұрған парыз.
Тыңдаушылардың туған елін, жерін сүюге, ана тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, қадірлеуге тәрбиелеу, тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту, еркін сөйлеуге қалыптастыру мақсатында институттың ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Тілім – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбында сайыс сабағы өткізілді.
Тыңдаушылардан құралған «Тұлпар» және «Сұңқар» командалары өзара білім сайысына түсті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды, команда мүшелері түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз білімдері мен дағдыларын танытты. Қатысушылар белсенділік пен қызығушылық танытып, тілдік шара тартысты да қызықты өтті.
Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесі