29.06.2019
2019 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық оқу орындары арасында “тілдік дайындық” тақырыбында онлайн-режимде дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның модераторы Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы болды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті, полиция полковнигі Ж. М. Есмамбетова және кафедра оқытушысы, полиция майоры С. А. Меңдібаева қатысты.
Іс-шараның мақсаты — тіл мәдениеті мен шешендік өнер бойынша өзекті сұрақтарға жауап іздеудегі қатысушылардың ашық диалогы.
Іс-шара модераторлары қатысушылардың назарын ІІО қызметкерлерінің азаматтық халықпен коммуникативтік құзыреттілігінің рөлі туралы ақпаратқа аударды.
Жалпы білім беру пәндері кафедрасының
Доценті, полиция полковнигі
Ж.М.Есмамбетова











