21.09.2017
Бұл өмірде аз күн қонақ болармыз,
Мүмкін елу, мүмкін жүз жыл салармыз.
Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,
Құрметтейік келгенінше шамамыз!
Қазақстан Республикасының тілдер күнін мерекелеуге байланысты және «Альтернатива» пікірталас клубының аясында 2017 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жалпы білім беру пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Л.Ж.Сарсембаева “Тәуелсіз тілдің беріктігі – ұлттық бірлікте» атты тақырыбына бірінші курс курсанттарымен танымдық сабақ өткізді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Өз елінің отаншылы болу – Қазақстанды жүрегіңде сақтап қалу»-осы бағыттағы жұмыстың басты бағдары”- деді. Отаншылдық, Отанға деген сүйіспеншілік мемлекеттік тілді білуден басталады. «Қазақстан-2050» Стратегиясында Президент: «Қазақ тілі – біздің рухани күшіміз»–деген.
Уақыттың қазіргі талабы – біздің ана тілімізді ғана емес, басқа тілдердегі қарым-қатынас пен дағдыларды меңгеру.
Президент Н.Ә.Назарбаев қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеру жағдайы біз үшін үлкен артықшылық болатындығын бірнеше рет атап өткен. «Қазақстан-2050» Стратегиясында қазақ халқының негізгі біріктіруші факторларының бірі болып табылатындығын атап өтіп, 2025 жылдан бастап әліпбиді латиницаға көшіру және осы негізгі мәселені шешу керектігі «әлемге интеграциялау үшін жағдай жасайды,біздің балаларымызға ағылшын тілі мен интернет тілін үздік білу, ал ең бастысы, бұл қазақ тілін жаңғыртуға серпін береді»-дейді. «Үш тілді меңгеруді мемлекеттік деңгейде көтермелеу керек», – деді Н.Назарбаев. Стратегияда ұсынылған Елбасымыздың жаһандық идеялар мен қағидалар жас ұлт менталитетінің ажырамас бөлігі болуға тиіс. Әсіресе, бұл біз тәрбиелеп отырған жас ұрпаққа қатысты. Бұл сабақ курсанттардың қызығушылығын тудырды және олардың болашақ қызметінде пайдаланатын тілдерді үйренуге үлкен ықыластарын арттырды.
Жалпы білім беру пәндері
кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
Л.Ж.Сарсембаева