17.06.2019
2019 жылғы 16 мауысымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2 А курс курсанттарыАқтөбе қаласы әкіледігінің Жастар ресурстық орталығымен бұған дейін жасалған меморандум аясында Ақтөбе қаласын абаттандыру мақсатында, Кірпіш көпірі ауданындағы Елек өзенінің жағалауын тазалау бойынша акция өткізді. Одан кейін курсанттар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қарым-қатынасты нығайту және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында “Green Land”спорттық-сауықтыру кешені базасында спорттық-сауықтыру іс-шаралары өткізілді.
Курс бастығының орынбасары
полиция капитаны
С.П.Оразгалиев







