12.04.2022
2022 жылғы 12 сәуірде «Әкімшілік жаза түрлері» тақырыбында алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына облыстық полиция департаменті Анықтау басқармасының ЖКО бойынша тергеу бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Сергей Владимирович Ефименконың қатысуымен семинар сабағы өткізілді.
Семинар барысында жол-көлік оқиғалары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолдану салалары, әкімшілік сот процестерін қарау кезеңдері бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу, қандай да бір құқық бұзушылықтар анықталған жағдайдағы әкімшілік жаза түрлері бойынша тағайындалатын жауапкершіліктер түсіндірілді.








