Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Танымдық кездесу

20.10.2025

“Заң мен тәртіп” идеологиясын ілгерілету аясында Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында институт қызметкерлері және Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы М. Сапаргалиев “Жас сақшы”кадет сыныбының оқушыларымен танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға полиция қызметінің ерекшеліктері, құқық қорғау саласындағы абырой мен жауапкершілік жайында жан-жақты мәлімет берілді. Жас буынға заңға бағыну, әділдік пен адамгершілік қағидаттарын ұстанудың маңызы ерекше екендігі аталып өтті.