11.08.2025



Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жеке құрам мен тыңдаушылардың қатысуымен саптық таралым өтті. Іс-шараның мақсаты — өткен оқу аптасының қорытындыларын шығару және үздік нәтиже көрсеткен тыңдаушыларды марапаттау.
Шара барысында институт басшылығы тыңдаушыларға оқудағы және қызметтегі жетістіктері үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізуге шақырды. Сонымен қатар, саптық таралым — тәртіпті нығайтудың, ұйымшылдықты арттырудың және жеке құрамның жауынгерлік рухын көтерудің маңызды құралы болып табылады.







