Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тағы бір орындалған арман

3.10.2025

Бүгін ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына еліміздің әр өңірінен келіп, қысқа мерзімді дайындықтан өткен алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларына салтанатты түрде оқуды аяқтағаны жөнінде сертификаттар табысталды.

Институт бастығы полиция полковнигі Ғ. Есболаев, Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Р. Апсеттаров оқу бағдарламасын тәмамдаған тыңдаушыларға полицияның имиджін көтеру бағытында өз қызметіне адал болуға, жауапкершілікпен қарауға және құқық қорғау саласында абыройлы қызмет етуге тілек білдірді. Сонымен қатар оқу бағдарламасын игеруде қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан тыңдаушыларға грамоталар табысталды.