1.03.2019
2019 жылдың 25-28 ақпан аралығында Т.Ж.Бегельдинов атындағы ӘҚК Әскери институтының қабырғасында жоғары оқу орындарының профессорлық – оқытушылық құрамдарының ынтымақтастығын кеңейту мен академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында Оқу-әдістемелік жиын өткізілді.
Аталған аралықта Оқу-әдістемелік жиынға С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ профессорлық – оқытушылық құрамы белсене қатысты.
Ақтөбе заң институты атынан ОӘЖ-ға Оқу-әдістемелік орталығы бастығының міндетін уақытша атқарушы заң ғылымдарының магистрі полиция капитаны Р.Б.Молдыбаева «Анализ проведения открытых занятий» баяндамасымен қатысты.
Оқу-әдістемелік орталығы
бастығының міндетін уақытша атқарушы
полиция капитаны
Р.Б.Молдыбаева







