Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тәжірибелік сабақ

11.09.2025

ІІО болашақ қызметкерлерін кәсіби даярлаудың сапасын арттыру мақсатында, ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының аға оқытушылары полиция подполковнигі Н.Думов пен полиция майоры Қ.Жакенов ІІМ ӘПК ӘПБ қызметкері полиция капитаны Е. Саутбеков пен Павлодар облысы ПД ӘПБ қызметкері полиция капитаны Б.Хәкімовты тарта отырып, қосымша білім беру факультетінің тыңдаушылары үшін тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Сабақ шеңберінде әкімшілік полиция бөлімшелерінің республикалық және облыстық деңгейдегі жұмыстарының қазіргі заманғы әдістері мен ерекшеліктері жария етілді, қызметтік қызметтің нақты жағдайларында теориялық білімді қолдану көрсетілді, әкімшілік-құқықтық қызметтің нақты тәжірибелік негізделген кейстер мен модельделген жағдайларға талдау жүргізілді.