17.10.2025



2025 жылғы 16 қазанда Институттың мәжіліс залында 2-курс курсанттарының теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру дағдыларын жетілдіру және Ішкі істер министрлігінің кадрлық әлеуетті арттыру саясатын жүзеге асыру мақсатында курсанттарды Жедел басқару орталығында тәжірибелік қызметке жұмылдыру бойынша нұсқаулық өткізу жиыны ұйымдастырылды.
Кездесу Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ерсайын Арыстанғали Әбілғазиевтің қатысуымен өткізілді.
Іс-шара барысында курсанттардың Орталықтың жедел басқару бөліміне күнделікті тартылу тәртібі талқыланып, Орталықтың негізгі функциялары мен міндеттері туралы, сондай-ақ курсанттардың тәжірибеден өту шеңберінде өзара іс-қимыл нысандары жөнінде толық ақпарат берілді.







