Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығы

22.12.2022

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 975 бұйрығымен институтта тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды дайындау орталығы құрылды (әрі қарай-Орталық).

Орталықтың негізгі қызмет бағыттары арасында: оқу-әдістемелік, ғылыми – зерттеу және тәрбие жұмысы ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бұйрығына сәйкес, орталықта учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция қызметкерлері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері үшін оқыту ұйымдастырылады.

Орталықтың оқу-әдістемелік жұмысындағы міндеттеріне бағдарламалар бойынша тыңдаушылардың теориялық білімдерін кеңейту және тереңдету; құқық бұзушылық әрекеттеріне жедел және сауатты жауап беру үшін арнайы дағдылар мен қабілеттерді дамыту; құқықтық, тәрбие және психологиялық әсер ету; құқық бұзушылықтардың, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түрінің орын алуына жол бермеуге деген сенімді қалыптастыру; зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету және қолдау, құқықбұзушыларды жауапкершілікке тарту бағытындағы ұмтылыстар жатады.

Орталықтың тыңдаушыларына сабақты институттың кафедра бастықтары, профессорлары және доценттері өткізеді. Жекелеген түрдегі сабақтарды өткізу үшін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы, Қазақстан Республикасы ІІМ Комитеттерінің және Департаменттерінің басшылары, сондай-ақ жетекші ғалымдар, ведомстволық және басқа жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың басшылық құрамының өкілдері, құқық қорғау органдарының ардагерлері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы мамандар, сондай-ақ шетелдік сарапшылар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарға сәйкес тартылады.

Оқыту барысында білімді тексеру мақсатында тестілеу ұйымдастырылады. Оқыту аяқталған соң «шығу бақылауы» бойынша сәтті өткендерге сертификаттар беріледі.

Орталық Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер мен балаларды барлық түрдегі зорлық-зомбылықтан қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, енгізеді.

Орталық қызметкерлерімен 7 оқу құралы дайындалды

«Профилактика бытового насилия в деятельности участковых инспекторов полиции: психолого-педагогический аспект» (Саттарова А.Ф., 2021 ж.)

«Викторина «7Я» (Саттарова А.Ф., 2021 ж.)

Профилактика противоправных действий против половой неприкосновенности несовершеннолетних: правовой и психолого-педагогический аспекты» (Саттарова А.Ф., 2022 ж.)

«Понятие и особенности личности педофила» (Байманова А.М., 2022 ж.)

«Профилактика насилия в семье» (Каракушев С.И., Саттарова А.Ф., Айтуарова А.Б., Алимпиев А.А., Жубандыкова Л.А.)

«Проблемно-ориентированный подход к организации работы ювенальной полиции по профилактике школьного буллинга» (Саттарова А.Ф., 2023 ж.)

«Настольная игра «МВД – Мы Ваши Друзья»/«ІІО –  бІз сІздерге дОспыз» (Саттарова А.Ф., 2023 ж.)

Орталық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлейді және енгізеді.

Орталық қызметкерлері ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізуді ұйымдастырады және қатысады.

Тәрбие жұмысын жүзеге асыру шеңберінде Орталық келесі іс-шараларды ұйымдастырады:

Жыл сайын «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясына қатысады

Азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді жүзеге асырады