16.06.2021
Құқық қорғау органдары Академиясының ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы проблемаларды зерттеу орталығы 2021 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн режимде «Төтенше және өзге де дағдарыстық жағдайларда прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Церковнова Е.А., ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Жаманов А.Б. баяндамаларымен қатысты.
Дөңгелек үстелде төтенше жағдайлар туындаған кезде прокурорлардың жұмысын ұйымдастырудың теориялық және практикалық мәселелері талқыланды.











