5.02.2020
Аумақтық ішкі істер
органдарының тәжірбиелік қызметімен
таныстыру, оқытудың тәжірибелік-бағыттылығының
деңгейін және кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында, 2020 жылдың 3,4 және 5 ақпанында ҚР ІІМ
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІОӘҚ кафедрасының доценті полиция
подполковнигі Л.С. Маланина, кафедра оқытушысы полиция капитаны А.А.Токмурзин
ҚР ІІМ Ақтөбе қалалық полиция басқармасының әкімшілік тарапынан тұтқындалған
адамдарды қабылдау бөлімінде арнайы бастапқы оқыту курсының 10, 11, 12-топ тыңдаушыларымен кәсіби даярлық пәні бойынша тәжірибелік сабақ
өткізді.
ҚР ІІМ Ақтөбе қалалық полиция басқармасының әкімшілік тарапынан тұтқындалған адамдарды қабылдау бөлімінің өкілдері тарапынан институт тыңдаушыларына олардың негізгі қызметтері туралы ақпараттар жеткізілді.
Тыңдаушылар полиция қызметкерлерінің атқаратын тапсырмаларын ұғып, оларды жүзеге асыру тәртібімен танысты.
Осындай тәжірибелік сабақтарды өткізу оқу процесінің тиімділігін едәуір арттырады.












