Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тәжірибелі мамандарды шақыру

18.03.2019

2019 жылдың 16 наурызында Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі И.Н.Аяпбергенов  «Қылмыстық іс жүргізу тұжырымдамасы» тақырыбында 102- оқу тобына Ақтөбе облысы бойынша Полиция департаментінің тергеу бөлімінің бастығы подполковник Масакбаев Ерболат Қорғанбайұлының қатысуымен практикалық жұмыс жүргізді.

Сабақ барысында қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің белгілері туралы мәселелер  талқыланды.

Курсанттар  сабаққа қатысқан Е.К.Масакбаевқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып отырды. Сабақтың тақырыбы ғана емес, сонымен қатар тәжірибеде кездесетін қылмыстық құқық бұзушылықтар, қылмыскердің кінәсін дәлелдеу  және т.б.сұрақтар қаралды.

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы

бастығының орынбасары,

полиция полковнигі

И.Н.Аяпбергенов