Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тәуелсіздіктің тарихи рөлін түсіндіруге бағытталған фильм

26.10.2021

Патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихи рөлін түсіндіруге бағытталған фильмдерді көру үшін Ақтөбе заң институтының 2021 жылы 24 қазанда алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларымен топ жетекшілері қаладағы «Локомотив» және «Керуен сити» кинотеатрларына барып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тарихи рөлін түсіндіруге бағытталған хроникалық-документалдық фильмдерді көрді.Фильмді көру барысында тыңдаушылар Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері,қазақ  халқының  егеменді заманында жаңаша ерекше өрлеуі өркендеу, рухани-экономикалық еркіндігіміз әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең,дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау біздің жетістігіміз екеніне көз жеткізді.Фильмді көру мақсатында әр тыңдаушының бойында еліне, жеріне деген патриоттық сезім қалыптасты.