12.06.2026
2026 жылғы 12 маусымда ғылыми-зерттеу тақырыбын іске асыру аясында кәсіби-психологиялық даярлық кафедрасы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларды қорғау және психологиялық қолдау тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға практик-психологтар, денсаулық сақтау ұйымдарының, білім беру мекемелерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қайта даярлау курстарында оқып жүрген кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар қатысты. Талқылау барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларды анықтаудың өзекті мәселелері, оларға уақтылы психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ баланың құқықтарын қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу тәжірибесімен алмасып, психологиялық диагностикалау тетіктері мен өмірлік қиын жағдайға тап болған балалармен психокоррекциялық жұмыстың заманауи технологияларын талқылады. Талқылаудың жеке блогы отбасындағы қолайсыздық белгілерін ерте анықтау, баланы кешенді сүйемелдеуді ұйымдастыру және білім беру, денсаулық сақтау мен құқық қорғау органдары мамандарының өзара іс-қимыл мәселелеріне арналды.
Дөңгелек үстел барысында мамандардың кәсіби қызметінен алынған практикалық кейстер ұсынылып, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою алгоритмдері, сондай-ақ балалар мен олардың заңды өкілдеріне шұғыл психологиялық көмек көрсету әдістері қарастырылды. Қатысушылар кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырудың және халық арасында профилактикалық жұмысты жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға, отбасылық зорлық-зомбылықтың теріс әсерінен зардап шеккен балаларға психологиялық қолдау көрсетудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қатыгездік пен отбасылық қолайсыздықтың алдын алу бағдарламаларын дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.











