Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Республикалық акциясы аясында «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында өткізілген іс-шара

11.12.2025

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Республикалық акциясы аясында 2025 жылғы 3 желтоқсанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының бастығы полиция полковнигі М.Ж.Найманбаевтың ұйымдастыруымен алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу іс шарасы өткізілді.

Кездесуге Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының және Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері полиция капитаны Ж.А.Шагиров пен полиция капитаны А.С.Тукешова және «Аққу» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығындағы кеңесшісі Д.Х.Рабаева қатысты.

Шара барысында тыңдаушыларға қоғамда цифрлық зорлық-зомбылық түрлеріне нөлдік төзімділік қалыптастыру, интернеттегі қауіпсіздік және жауапкершілік мәселелері түсіндірілді, олардың құқықтық сауаттылығы мен қауіпсіздік дағдылары айтылды.