Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

8.09.2023

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары» ғылыми зерттеу жұмысы аясында кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының оқытушы құрамы Ақтөбе қаласы желілік полиция станциясының қызметкерлерімен бірлесе отырып Теміржол вокзалында азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты түсіндірме жұмыстары мен сауалнама жүргізді. Сондай-ақ, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен ата-аналары арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау» бағытында сауалнама ұйымдастырылды.