22.08.2023
22 тамыз Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығында учаскелік полиция инспекторлары мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері үшін «Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе қаласындағы филиалы тренинг ұйымдастырды. Тренингтің тақырыбы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру».



Статистика көрсеткендей, соңғы екі жарым жылда үй агрессорлары 300 кісі өлтірді, 878 ауыр және 808 орташа денсаулыққа зиян келтірді. Осы саладағы құқық бұзушылықтар үшін 37 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқыққа қарсы іс-қимылдардың басым бөлігі жасырын болып қалатынын түсіну керек.



Ел Президенті өз сөздерінде әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесіне көп көңіл бөлді.
Өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Дебоширлердің жазасыздығы олардың қолдарын ашады, іс жүзінде олардың құрбандарын қорғансыз қалдырады» деп мәлімдеді.
2023 жылғы 20 сәуірде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және Қылмыстық кодекске тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер қабылданды.



Ағымдағы жылдың 30 маусымында ІІМ алқасының отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қ.К.Тоқаев алдын алу шаралары күшейтілген жағдайда жауапкершілікті қатаңдату әлдеқайда тиімді болатынын айтты. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет. Кешенді профилактикалық жұмыс қажет.
Тренингте ҚР Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңнамасына енгізілетін инновациялар қаралды, отбасылық тирандарды қайта әлеуметтендіру мүмкіндіктері, сондай-ақ, полиция мен басқа да мемлекеттік және қоғамдық органдардың тығыз өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.







