2021 жылдың 22 қарашасында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Н.Т.Саханова және осы кафедраның оқытушысы, полиция подполковнигі Б.М.Мұхамедьярова Ақтөбе қаласының тұрғылықты халқымен кездесу өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтардың заңға деген құрмет сезімін тудыру, күнделікті өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ету үшін азаматтарды құқықтық жүйемен өзара іс-қимыл жасауға үйрету, азаматтарды адамның және азаматтың қолданыстағы құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы біліммен қамту азаматтардың заңды мінез-құлығын және азаматтық белсенділігін қалыптастыра отырып құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру.