1.12.2021
2021 жылғы 30 қарашада институтта Тұңғыш Президент күнін атап өтуге арналған салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараны институт бастығы полиция полковнигі А.Б.Байсұлтанов құттықтау сөзімен ашып, бұл мерекенің жас мемлекеттегі маңызы мен ерекшелігіне тоқталып, Елбасы Н.Назарбаевтың біртуар басшы ретінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына сіңірген ерен еңбегін ерекше атап, барша ардагерлерді, қызметкерлерді, институт қабырғасында білім алушы жастарды құттықтай отырып, еліміздің өркендеуіне қосатын игілікті істеріне сәттілік тіледі.
Еңбекте елеулі табыстарға жеткен институт қызметкерлері, курсанттары мен тыңдаушылары Ішкі істер министрлігінің және институт бастығының марапаттауларына ие болды.
Сонымен қатар, институттың Ардагерлер кеңесінің төрағасы В.А.Сюняков ҚР ІІМ Ардагерлер кеңесі төрағасының атынан ардагерлерге төсбелгілер табыстады және институт бастығы полиция полковнигі А.Б.Байсұлтанов та ардагерлерді грамоталармен марапаттады.
Жиын мерекелік концертпен жалғасып, сахна төрін институт қызметкерлері мен курсанттары әнмен әрлеп, қалалық «Ханшайым» би тобы бимен өрлеп, барша көрермендерге ұмытылмас мерекелік көңіл-күй сыйлады.











