Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимылдын алдын алдын алудың ашықтығы» тақырыбымен дөңгелек стол өткізді

7.11.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институтының іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 3 қарашасында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алудың ашықтығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары – Қазақстан Республикасы өңірлерінің патрульдік қызметінің қызметкерлері, ҚҚҚПжК, кафедрасының және БАжКҚД факультеті профессорлық-оқытушылық құрамы және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының өкілдері шақырылды.    Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Этика, мемлекеттік органдар жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес техникасы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жанжалды әлеуметті, бюрократия проблемалары және т.б. туралы бес баяндама тыңдалды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесінің мысалдары қаралды. Содан кейін, пікірталастар шеңберінде отандық заңнаманың даму тарихы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы қазіргі заманғы саясаттың үрдістері, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының алдын алудың құқықтық құралдарын жетілдіру мәселелері қозғалды.    Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін кафедра бастығы полиция полковнигі Н.Т. Саханова сөз сөйледі, ол қорытындылап, сыбайлас жемқорлық қоғам мен тұтастай мемлекеттің қалыпты дамуына әсер ететінін қорытындылады, заңдар неғұрлым бұлыңғыр болса, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін мүмкіндіктер соғұрлым көп болады, сол себептен біздің қоғамның әрбір мүшесі, соның ішінде полиция қызметкерлері бірінші кезекте күресу мен барлық сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтап, жолын кесуге міндетті.